«Ислам
мемлекеті» радикалдарының қатарына тартылған ұлыбританиялық жасөспірім Талха
Асмал Иракта қаза тапты. Бұл туралы The Telegraph өзінің ақпарат көздеріне
сілтеме жасап хабарлады. Ол Ирактың Байджи қаласында өзін-өзі жарып жіберген.
Жарылыс салдарынан 11 адамның өмірі қиылды. Жасөспірімнің ата-анасы содырлардың
Твиттер әлеуметтік парақшасында жарияланған лаңкестікке әзірлік үстіндегі суретінен баланы танып отыр. Әкесінің сөзінше, баласы ешқашан
қатыгездік танытпаған, эксремистік-радикалды көзқарастарын да білдірмеген.
Балам радикалдардың жалған уағызына сенген көп жастардың бірі- дейді ол.
АҚШ-тың терроризмге қарсы каолициясы ұйымның интернет желілеріндегі уағызына да
тоқтау сала алмай отыр. Бұл туралы New York Times АҚШ мемлекеттік
департаментінің ресми құжаттарына сілтеме жасап жазады.
Азамат
АЛДОҢҒАРОВ