Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ислам мемлекеті» радикалдарының қатарына тартылған ұлыбританиялық жасөспірім Талха Асмал Иракта қаза тапты

  • AstanaTV
  • 15 маусым 2015
  • 1297

«Ислам мемлекеті» радикалдарының қатарына тартылған ұлыбританиялық жасөспірім Талха Асмал Иракта қаза тапты. Бұл туралы The Telegraph өзінің ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлады. Ол Ирактың Байджи қаласында өзін-өзі жарып жіберген. Жарылыс салдарынан 11 адамның өмірі қиылды. Жасөспірімнің ата-анасы содырлардың Твиттер әлеуметтік парақшасында жарияланған лаңкестікке әзірлік үстіндегі  суретінен баланы танып  отыр. Әкесінің сөзінше, баласы ешқашан қатыгездік танытпаған, эксремистік-радикалды көзқарастарын да білдірмеген. Балам радикалдардың жалған уағызына сенген көп жастардың бірі- дейді ол. АҚШ-тың терроризмге қарсы каолициясы ұйымның интернет желілеріндегі уағызына да тоқтау сала алмай отыр. Бұл туралы New York Times АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми құжаттарына сілтеме жасап жазады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ