Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ қарулы күштері Өзбекстанға бронды техника жеткізуді жақын арада аяқтамақ

  • AstanaTV
  • 15 маусым 2015
  • 1338

АҚШ Қарулы күштері Өзбекстанға бронды техника жеткізуін жақын арада аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл туралы ТАСС министрліктегі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлайды. Ташкентке әскери техника жеткізу өткен жылдың желтоқсанында басталған. Барлық техника тегін беріліп жатқанға ұқсайды. Наурызда АҚШ Конгресінде сөз сөйлеген Америка қарулы күштерінің генералы Ллойд Остин Вашингтон Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстанмен әскери байланысты  нығайтуға ниетті екендігін мәлімдеген. Өзбекстан аумағына техника Пентагонның шет мемлекеттердегі базаларынан жеткізілуде. Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша орынбасары  Дэниел Розенблюм Вашингтонның ұсынысына Қазақстан мен Тәжікстан қызығушылық танытты деп мәлімдеген.

 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ