Русский Сайттың толық нұсқасы

Бастауыш партия ұйымдарының мүшелері Ата заңдағы өзгерістерді қолдайды

  • AstanaTV
  • 24 наурыз 2017
  • 3230

Ақтөбе қаласы Қарғалы селолық округіндегі бастауыш партия ұйымдарының мүшелері Ата заңдағы өзгерістерді қолдайды. Бүгін Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты, «Нұр отан» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Қайыржан Таңатаров ауыл халқына  Конституцияға енгізілген өзгерістерді түсіндірді.

Қарғалы ауылында бастауыш партия ұйымдарының 700-ден астам мүшесі бар. Олардың барлығы дерлік Ата заңға енгізілген өзгертулерді толығымен қолдайды. Қайыржан Таңатаров өз кезегінде Президент әр адамның пікірін елеп-ескергенін атап өтті. «Елбасы 26-ыншы бапты көпшіліктің қолдағанына қарамастан, өзгеріссіз қалдыру жөнінде тоқтамға келді», - деді ол. Талай сүзгіден өткен Конституциялық реформа - заман талабы. Елбасының халыққа жолдауы бағыт-бағдар берсе, реформа ел дамуына жаңа серпін бермек. Жиналған жұртшылықтың түйгені осы.

Қайыржан Таңатаров, қалалық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі:

Біздің партия мен біздің өзіміздің міндетіміз - негізгі мәселелерді түсіндіру. Жауапкершілік жүгі өздері шешім шығаратын адамдарға түседі. 

Ж. КЕМАЛ