Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркияның бұрынғы президенті және премьер-министрі Сүлеймен Демирел дүниеден өтті

  • AstanaTV
  • 17 маусым 2015
  • 1989

Түркияның бұрынғы президенті және премьер-министрі Сүлеймен Демирел дүниеден өтті. Белгілі саясаткер Анкарадағы ауруханалардың бірінде 91 жасқа қараған шағында көз жұмған. Қоғам қайраткері емделген Güven Hastanesi ауруханасына сілтеме жасаған Түркияның Anadolu агенттігі Демирелдің жүрек талмасынан көз жұмғанын хабарлады. Экс-президент 13 мамырда тыныс жолдары сырқатымен ауруханаға жатқызылған. Бір айдан астам уақыт емделген Демирелдің жағдайы сейсенбі күні күрт нашарлай бастапты. Ал, сәрсенбіге қараған түні ол қайтыс болды. Түркиядағы Әділет партиясының негізін қалаушылардың бірі Сүлеймен Демирел 1924 жылы 1 қарашада дүниеге келген. 1993-2000 жылдары ол Түркия мемлекетін басқарды. Сондай-ақ бес рет елдің премьер-министрі болып тағайындалған.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА