Русский Сайттың толық нұсқасы

Бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті төртінші сессиясының жұмысы ұзартылды

  • AstanaTV
  • 17 маусым 2015
  • 1387

Бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті төртінші сессиясының жазғы жұмысы ұзартылды. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында белгілі болды. Жиынға премьер-министр бастаған, министрлер кабинеті толық қатысты. Сонымен қатар Конституциялық кеңес төрағасы шақырылды.

Айгүл Әдепбай, тілші:

Бесінші сайланған Парламенттің төртінші сессиясының жұмысы шілденің ортасына дейін ұзартылды. Яғни, депутаттардың демалысы қысқарады. Әлемдегі ахуалға байланысты депутаттардың жазғы каникулын қысқарту туралы ұсынысты бұған дейін Елбасы көтерген еді. Еске сала кетсек, бесінші сайланған Парламенттің төртінші сессиясы жұмысын 2014 жылдың қыркүйегінде бастаған еді. Бүгінгі күн тәртібіне сай конституциялық кеңес төрағасы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы конституциялық кеңестің жолдауын баяндап берді.

Игорь Рогов,  ҚР Конституциялық Кеңесі төрағасы:

Жолдауда айтылғандай негізгі заң халықтың мүддесі мен оның еріктілігін іске асыра отырып, қазақстандықтарды топтастырудың қуатты бастауы болды. Еліміздің егеменді қазақстандық мемлекеттіліктің негіздері кейін қалыптасқан мемлекеттің тұтастай алғанда азаматтық консесус, саяси тұрақтылық, ұлтаралық және конфессияаралық бейбіт келісім жағдайында көп векторлы тарихи трансформация кезеңіндегі құрылысы кезеңдерінен өтуді қамтамасыз етті.

Депутаттар үкімет мүшелерінің төрт көзі түгел жиналған сәтті ұтымды пайдалануға тырысты. Қордаланып қалған сұрақтарын жолдаумен болды. Әсіресе, бюджеттің жыл сайын игерілмей қалатын қаражатының артып отырғаны баса айтылды. Сонымен қатар, халық қалаулылары моно қалалардың өнеркәсіп өндірісінің төмендеп бара жатқанына, шетелдік ет импортының артып отырғанына, дәрі-дәрмектердің қымбаттығы мен ауыз-су бағдарламаларының нәтиже бермей отырғанына да көңілдері толмайтынын айтты. Ал депутат Никитинская қазақтың бағына бұйырмай тұрған Қашаған қашан іске қосылатынын сұрады.

Екатерина Никитинская, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Қазір Қашаған жобасы бойынша қандай жұмыстар атқарылуда? Қанша қаражат жұмсалды және толық қалпына келтіру ісі қашан бітеді деп жоспарланған? Құрылыспен айналысушы мердігер компанияларға қатысты қандай шаралар қолданылуда? Жөндеу жұмыстары қашан тәмамдалады?

Үкімет басшысының айтуынша, Қашағанның құбырлары 2016 жылдың соңында толық ауыстырылады. Ал мұнай өндірісі 2016 жылдың соңында 2017 жылдың басында іске қосылады. Яғни, 2017 жылдың қаңтарынан бастап Қашаған қарық қылмақ.

Айгүл Әдепбай, тілші:

Еске сала кетсек, бесінші сайланған Парламенттің төртінші сессиясы жұмысын 2014 жылдың қыркүйегінде бастаған еді. Осы уақыт аралығында Парламент конституциялық заңға сай емес деп 17 заң жобасын өткізбеген.

Айгүл ӘДЕПБАЙ