Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдық эпидемиологтар шетелге шыққанда абай болуға шақырады

  • AstanaTV
  • 18 маусым 2015
  • 1102

Оралдық эпидемологтар, жазғы демалысын шетелде өткізуді жоспарлап отырған  тұрғындарға алаңдаушылық білдіреді. Олар коронавирус індетінің таралуынан қауіптеніп отыр. Дәрігерлер бүгінде аурудың ошағына айналған Сауд Арабиясы, Мысыр, Оман, Катар және Оңтүстік Корея мемлекеттері әлі күнге карантин жарияламағанын жеткізді. Осыған байланысты дәрігер мамандар мешіт пен туристік фирмалардың өкілдеріне және шекара қызметіне сақтық шараларын күшейтуді тапсырды. Өйткені, бұл ауру ауа тамшысы арқылы жұғады. Яғни, науқас адам жөтелгенде немесе сырқатты бағып-күткен кезде ауру жұғуы мүмкін. Әзірге әлемде вирусқа қарсы дауа табылмаған.

Алтын Орынғалиева, БҚО Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті директорының орынбасары:

Сауд Арабиясына, Катар, жаңағы Оңтүстік Кореяға баратын адамдар сол елдің эпидемиологиялық ахуалын біліп, қандай ауру бар ол жерде, басқа елдер болсын баратын, осы мемлекеттерден басқа, келгеннен кейін егер де ауырып қалған жағдайда, мысалы, температурасы болатын болса, медициналық ұйымдарға барып тексерілуі керек. Өзінің денсаулығы үшін және өзінің тума-туысқандарына ауруды болдыртпауы үшін.

Еркін КАРИН