Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақ ұшқышы басқарған ұшақ апатқа ұшырады

  • AstanaTV
  • 18 маусым 2015
  • 1399

Ресейдің Астрахань аумағында қазақ ұшқышы басқарған ұшақ құлады. Бұл жөнінде Ресей көліктік тергеу комитетіне сілтеме жасап, «Федерал Пресс» ақпарат агенттігі жазады. Алдын ала болжам бойынша, Жеңіл моторлы «Сапсан» ұшағын 21 жастағы Қазақстан азаматы басқарған. Ол Икрянск ауданы Зюзино ауылынан 1,5 шақырым қашықтықта егіс алқабын өңдеу жұмыстарымен айналысып жүрген екен. Ұшқыштың әуе кемесін не себепті егіс алқабына қондырмақ болғаны  әзірге түсініксіз. Ұшақтың сәтсіз қонуы нәтижесінде жарақат алған отандасымыз бірден ауруханаға жеткізілді.  Қазір аталған оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Мамандар ұшақты шұғыл қондыруға не себеп болғанын анықтауға кірісті.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА