Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанның барлық аймақтарында апта соңына дейін аптап ыстық сақталады - Қазгидромет

  • AstanaTV
  • 18 маусым 2015
  • 1089

Қазақстанның барлық аймақтарында апта соңына дейін аптап ыстық сақталады, -  деп хабарлайды «Қазгидромет». Бұл ел аумағына жеткен антициклонның әсері, яғни ол ашық әрі жауын шашынсыз ауа-райын ұстап тұрады. Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде күн райы қалыпты климаттық көрсеткіштен 2-7 градусқа жоғары болмақ. Тек елдің солтүстік және шығыс аймақтарында өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. Синоптиктер республиканың кей облыстарында сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі, - деп ескертеді. Тек айдың соңына қарай аздап күн салқындауы мүмкін делінген хабарламада.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ