Ресейдің бұрынғы қаржы
министрі, қазіргі Азаматтық бастамалар комитетінің басшысы Алексей Кудрин,
Ресейде Қазақстан сияқты кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды. Бұл
туралы ол Петербурге өткен халықаралық экономикалық форумда сөйлеген сөзінде
айтты. Азаматтық бастамалар комитетінің басшысы «мемлекеттік думада мерзімінен
бұрын сайлау өткізсек, президентті де ертерек сайлап тастау керек», - деген
ойда.
Алексей Кудрин, Азаматтық
бастамалар комитетінің басшысы:
Мен Қазақстан Президентінің 100
нақты қадам бағдарламасын зерттедім. Ол осы бағдарламасын жариялап, жүзеге
асыру үшін сайлауды да ертерек өткізді. Бұл дұрыс. Кез-келген жоба саяси
тұрғыдан қолдауды қажет етеді. Ол үшін саяси мандат пен жаңаша мүмкіндіктер ашылады.
Ондай мүмкіндіктер сайлаудан кейін пайда боларына сенімдімін.
Айгүл
ӘДЕПБАЙ