Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда Оғыз дәуірі тайпасы көсемінің бейіті табылды

  • AstanaTV
  • 19 маусым 2015
  • 2640

Атыраулық болашақ тарихшылар, Оғыз дәуіріндегі жауынгердің бейітін тапты. Хәлел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті археологтарына, Нарын құмы аумағында қабірлердің ашық жатқанын, сол маңдағы малшылар хабарлаған. 1-курс студенттерін бастап барған археолог Марат Хасеновтың айтуынша, қабір біздің заманымыздың Х-ХІІ ғасырына тиесілі. Бейіттен адамның және жылқының сүйегі, ұзындығы 1 метрге жуықтайтын болат семсер мен жебе ұштары табылған. Сондай-ақ, салмағы 20 келіге жуық сауыт қоса көміліпті. Оны тарихшылар «жылқының сауыты болуы мүмкін», - деп болжауда. Марат Хасенов «бейіттің тоналмай, жақсы сақталғанын»,  дегенмен, «Оғыз заманындағы қабірлер әлі күнге дейін жүйелі зерттеуді қажет ететінін», - айтты.

Марат Хасенов - Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқытушысы, археолог:

Сауыты мен әртүрлі құрал-жабдықтарына қарағанда және жерлеу рәсіміне қарағанда, бұл сол кездегі оғыз дәуірінің тайпасының көсемі деуге болады. Бұл экспонаттар университеттің лабораториясында. Қазір оған реставрация жұмысын жүргізіп жатыр. Бұл сауыттар мен табылған заттарға қалпына келтіріп реставрация арқылы, бұл музейге берілмек экспонат ретінде.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ