Русский Сайттың толық нұсқасы

Әйелді өртеп жіберді деген күдікке ілініп, іздеуде жүрген Қанат Сәдуов туралы ақпарат берген адамға сыйақы жарияланды

  • AstanaTV
  • 19 маусым 2015
  • 1336

Мұғалім әйелді өртеп жіберді деген күдікке ілініп іздеуде жүрген Қанат Сәдуов туралы ақпарат берген адамға сыйақы жарияланды. Бұл туралы Астана қаласы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді.

Еске салайық, 26 мамырда Астанадағы мектептердің бірінің маңында ер адам мұғалімді өртеп жіберген. Жедел тергеу нәтижесінде оның зардап шегуші Светлана Сәдуованың күйеуі екені анықталды. Денесінің 70 пайызын күйік шалған әйел ауруханада көз жұмды. 1972 жылы туған Солтүстік Қазақстанның тумасы Сәдуов Қанат бір айдан бері іздестіріліп жатыр. 

Софья Қылышбекова, Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Астана қаласының Ішкі істер департаментімен, аса қауіпті қылмыс жасағаны үшін, 43 жастағы Сәдуов Қанат Ғайсаұлы іздеуге жарияланды. Оның қай жерде екенін білетін азаматтарды хабарласуларын сұраймыз. Құпиялылық пен сыйақы кепілдікке беріледі.

Жұрағат БАМАН