Русский Сайттың толық нұсқасы

«Астана Арландары» командасы финалдық бәсекеге дайын

  • AstanaTV
  • 19 маусым 2015
  • 890

Биылғы маусымды сәтті бастап финалға жолдама алған «Астана Арландары» командасы «Cuba Domadores» клубымен өзара мықтыны анықтайды. Кездесулер екі күнге созылады. Алғашқы жекпе-жекте ел намысын 49 келіде Теміртас Жүсіпов қорғайды. Оның қарсыласы Йоанис Оскар Аргилагос. 56 келіде Қайрат Ералиев Энди Крус Гомеспен қолғап түйістіреді. 64 келі салмақта команда капитаны Самат Башенов Ясниер Толедо Лопесті сынақтан өткізеді. Келесі салмақта Мейірім Нұрсұлтанов Арлен Лопес Карлонамен жұдырықтасса, олимпиада лицензиясының иесі Василий Левит 91 келі салмақта Эрисланди Савон Котиллаға қарсы шығады.

Марат Жәкиев, «ASTANA ARLANS» клубының бас бапкері:

Өзіміз былай қауіптенетін салмақтар кубалықтардың 56-сы бар, 64,69, 81. Бұл салмақтардағы біздің жігіттер де жаман емес, бірақ дегенмен де, әлемдік деңгейге байланысты бұлар әзірге бірінші болып есептеліп тұр. Сондықтан бұлардың нағыз шыңдалып көрсететін уақыты, ринг көрсетеді.

Екінші жарыс күні «Арландар» сапында рингке көтерілетін спортшылар Олжас Сәттібаев, Зәкир Сафиуллин, Асланбек Шымбергенов, Нұрдәулет Жарманов және Иван Дычко. Екі кездесу қорытындысы бойынша командалар тең түскен жағдайда жеңімпаз ұжым 56 келі салмақта анықталады. Бұл сында ел намысын Мейірболат Тоитов қорғайды.


Самат ҚАНАҒАТОВ