Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда тағы да жер асты құбыры жарылды

  • AstanaTV
  • 23 маусым 2015
  • 1492

Алматыда тағы да құбыр апаты. Екі бірдей жер асты құбырының жарылуы көлік жолын тас-талқан етті. Апат кеше түс ауа шахардағы Уәлиханов пен Мәметова көшелерінің қиылысында, сондай – ақ, Райымбек даңғылының төменгі жағында орын алған. 5 қабатты үйдің биіктігіндей болып атқылаған ыстық судан сол маңайда жүрген ересек адам мен 12 жасар бала зардап шекті. Тағы 5 көлікке зақым келген. «Алматы жылу құбыры» кәсіпорнының басшысы Арсен Жәлибекұлының мәлімдеуінше, апат орнында гидравликалық сынақтар жүргізілген. Тексеру кезіндегі жоғары қысымнан соңғы 35 жыл бойына жөндеу көрмеген, 80-жылдан бері ауыстырылмай тозығы жеткен құбыр жарылып кеткен.

Арсен Хасенов, «Алматы жылу құбыры" кәсіпорнының директоры:

Апат гидравликалық сынақтар жүргізілген кезде орын алуы мүмкін. Бүгінгі екі оқиға соның дәлелі. Жарақат алған адамдарға дер кезінде медициналық көмек көрсетілді. Егер мұндай апатты жағдайды байқасаңыздар «Алматы жылу құбыры» кәсіпорнына немесе Төтенше жағдайлар қызметіне хабар берулеріңізді сұраймыз.

Айгүл ЕРМАХАН