Русский Сайттың толық нұсқасы

Ә.Ғали: Қазақстан ДСҰ мүше болу арқылы инфляцияны төмендетіп, ұсынылар тауар түрлерін арттыра алады

  • AstanaTV
  • 23 маусым 2015
  • 1159

Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу арқылы Қазақстан инфляцияны төмендетіп, ұсынылар тауар түрлерін арттыра алады. Саясаттанушы Әзімбай Ғали бүгін арнамыздың тілшілеріне осылай деді. Сарапшы әлемдік ұйым қазақстандық өндірушілер үшін пайдалы боларына сенімді. Өйткені қойылар талап күшейіп, отандық бизнес өкілдерінің жауапкершілігі де арта түседі. Әрі тұтынушыға ұсынылар тауар сапасы да жақсарады.

Саясаттанушы Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу арқылы Қазақстан ғылым мен жаңа технология саласындағы соңғы жетістіктерге қол жеткізіп, тиімді пайдалана алатындығын да жеткізді.

Әзімбай Ғали, саясаттанушы:

Баға төмендейді. Менің ойымша, 1-2 пайызға тұтыну тауары арзандайды. Яғни бұл инфляцияны төмендетеді еліміздегі. Ішкі бәсеке күшейеді. Бұрын, мысалы, алсаң да аласың, алмасаң да, не Ресейдің, не Қазақстанның өніміне мәжбүр боласың. Ал енді Қытайдікі ма, Түркиянікі ма, Малайзияның тауары ма, келіп, бәсеке болады.

Еркін КАРИН