Русский Сайттың толық нұсқасы

Қырғызстанда испаниялық үш альпинист қар көшкінінен қаза тапты

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2015
  • 1053

Қырғызстанда испаниялық үш альпинист қар көшкінінен қаза тапты. Рейтерс таратқан ақпаратқа сәйкес, Каталонияның жастар командасының мүшелері Қырғызстанға келіп, Ала-Арча шатқалына бет алған. Араға біраз күн салып үшеуінің өлі денелерін басқа топтың мүшелері тауып алады. Қаза тапқандар 18 бен 24 жас аралығындағы азаматтар. Қырғызстанның Төтенше жағдайлар қызметі хабарлағандай, Каталониядан келген альпинистер Ақ-Тоо шыңын бағындыру кезінде қар көшкіні астында қалған. Жалпы топ құрамында 10 адам болған көрінеді. Қалған азаматтардың хал жағдайы белгісіз. Қазір испандықтарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Шатқалда жүріп қазаға ұшыраған үш адамның денесі тікұшақпен Бішкекке жеткізілді. Қайғылы оқиғаға байланысты Қырғызстандағы Испания консулдығына тиісті ақпарат жолданған.

Самат ҚАНАҒАТОВ