Русский Сайттың толық нұсқасы

Оңтүстік Судан халқы ашаршылыққа ұшырады

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2015
  • 1501

Оңтүстік Суданда сан мыңдаған тұрғын аштықтан бұратылып өмір сүріп жатыр. Мұндай ақпаратты Рейтерс БҰҰ-на қарасты бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасына сілтеме жасап таратты. Қазіргі уақытта бұл аудандарға азық-түлік ұшақпен және қайықтармен жеткізілуде. Соңғы ақпаратқа сәйкес, халықтың 40 пайызы яғни, 4 миллион 600 мыңдай адам аштыққа ұшырады. Оның 874 мыңнан астамы 5 жасқа толмаған сәбилер. Жағдайдың ушығуына әскери қақтығыстар да себеп болып отыр. Әсіресе, елдің солтүстігіндегі үш бірдей штаттың халқы айтарлықтай зардап шегуде. Ол жердегі тұрғындар қақтығысқа байланысты өз үйлерін тастауға мәжбүр болды. Босқындардың басым бөлігі Эль-Вахда штатына қашып барған. Ұлттар ұйымының ақпаратына жүгінсек, Оңтүстік Суданның жарты миллионнан астам тұрғыны гуманитарлық көмекке зәру. Аштықтан көзі қарауытқан адамдар тіпті, жеуге болмайтын өсімдіктермен де қоректенуде.

Ангелина Ньябор:

Әскери қақтығыс салдарынан Лирадан кетуге мәжбүр болдық. Азық-түлік таусылғаннан кейін Хат қаласына бет алдық. Аштықтан зардап шеккен халық көзге көрінген өсімдіктерді жей бастады. Қазір көпшілігі асқазан ауруына шалдықты.

Самат ҚАНАҒАТОВ