Русский Сайттың толық нұсқасы

Көтерілісшілер Ереванның орталық алаңынан кетер емес

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2015
  • 1035

Армения халқы Ереванның орталық алаңынан кетер емес. Билік талаптарына құлақ аспайынша, тапжылмауға бекінген. Полиция ереуілшілерге қарсы енді күш қолдана алмайды, - деп жазады Рейтерс. Сондықтан бәрін бейбіт жолмен шешу керек.

Еске салайық, халықтың орталық алаңға шығуына электр энергиясының 17 пайызға қымбаттауы түрткі болды. Бұған дейін «Армения элетр желілері» компаниясы қуат көзін бірден 40% қымбаттатуды жоспарлаған. Аталмыш компания Ресейлік «ИНТЕР РАО ЕЭС» компаниясының еншілес ұйымы. Ресей Арменияға электр энергиясын жоғары бағамен сата бастады. Бірақ қымбатшылыққа бұл да себеп емес. Баға көтерілуінің басты себебі - компанияның нашар менеджментінде. Жұмыс дұрыс жүргізілмегендіктен, қарыз қордаланған. Сөйтіп қомақты соманы «Армения элетр желілері» халықтан өндіріп алмақшы болады. Жемқорлыққа былыққан билікке наразы тұрғындарға осы жайт түрткі болып, көтіріліс жаппай сипат алып кетті. 

Соңғы 24 сағатта болып өткен жағдай полицияның күш қолдану үшін сылтау іздеп тұрғанын көрсетті. Осындай әлеуметтік сұрақ шешіліп жатқан кезде, мұндайға мүлдем жол бермеу керек.

Айгүл ӘДЕПБАЙ