Русский Сайттың толық нұсқасы

2015-жылы екі мың қызылордалық отбасы қоныс тойын тойлайды

  • AstanaTV
  • 25 маусым 2015
  • 912

Қызылордадағы тұрғын үй құрылысы мәселесі өңірде ашылған Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің филиалында өткен алғашқы баспасөз мәслихатында сөз болды. Облыс және қала әкімдігінің өкілдері «Қол жетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысын баяндады. Осы жылдың аяғына дейін Қызылордада 28 көпқабатты тұрғын үй салынбақ. Шамамен 2 мыңға жуық отбасы қоныс тойын тойлайды.

Нұржан Әлібаев, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары:

Инфрақұрылымға жалпы облыс бойынша 2,8 миллиард қаржы бөлініп отыр. Ол 2015-2016-2017 жылы берілетін «Тұрғын үй бағдарламасы» бойынша. Қосымша қазіргі танда осы алдымыздағы шілде айында облыстық маслихат депуттарына ұсыныс беріп отырмыз 850 миллион теңгеге. Соның барлығы толық қамтамасыз етіледі. Біз өзімізге алған міндеттердің барлығын бітіреміз.

Шәрипа САҚТАПОВА