Русский Сайттың толық нұсқасы

Сенатор педофилдерге химиялық кастрация жасатуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

  • AstanaTV
  • 25 маусым 2015
  • 1196

Педофилдерге химиялық кастрация жасату керек. Бірнеше мәрте көтеріліп жүрген мәселе бойынша бүгін сенатор Бектас Бекназаров үкіметке депутаттық сауал жолдап, қылмыскерлердің жазасын күшейтуді сұрады. Сенатордың мәліметінше, ондай азғындардан жапа шеккен, құрбан болған жасөспірімдер саны жыл сайын артып отыр.

«Тек үстіміздегі жылдың бес айында 632 балғын зардап шекті», - дейді депутат. Соған қарамастан, педофилдер жазадан оңай құтылып жатыр. «Сол себепті заңнан ондай қылмыс жасағандардың жазасын жеңілдетуге, мерзімінен бұрын босап шығуына жол беретін нормаларды алып тастау қажет», - дейді сенатор. Және тараптардың өзара келісімге келуіне де жол бермеу керек. Бекназаровтың мәліметінше, аталған себептерге байланысты бірнеше қылмыстық іс жылы жабылып, айыптылар жазадан құтылып кеткен. Тек үстіміздегі жылдың бес айында 109 қылмыстық іс жабылған.

Бектас Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Жалпы жыныстық қатынастарға байланысты оның ішінде, әсіресе жасөспірім жәбірленушілерге қарсы жасалатын зорлық, жыныстық қатынастарға жауапкершілікті белгілейтін заң талаптарын қатаңдату. Жасөспірімдерге қарсы зорлық жыныстық әрекеттерге кінәлі деп танылған қылмыскерлерге дәрігерлік химиялық кастрация әдісін қолдануды заң жобасына енгізу қажет.

Айгүл ӘДЕПБАЙ