Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда ұлттық спорт түрлерінен ел чемпионаты басталды

  • AstanaTV
  • 25 маусым 2015
  • 1187

Оралда ұлттық спорт түрлерінен ХІ ел чемпионаты басталды. Жарысқа еліміздің әр түкпірінен 250 шабандоз келген. Олар көкпар тартып, аударыспақ пен теңге ілуден бағын сынады. Бір аптаға жалғасатын спорттық шаралар барысында биыл чемпионатқа жамбы ату сайысы алғаш рет енгізіліп отыр.

Ал көкпар тартуға шыққан 9 команда көк серкені тақымдап, қызықты ойын көрсетті. Жарыста үздік ойынымен көзге түскен жастарға "Спорт шебері" дәрежесі берілмек. Сонымен қатар, ат құлағында ойнаған өрендердің мықтылары іріктеліп, ұлттық құрама сапына алынады. Ұйымдастырушылар көкпар секілді ұлттық ойын түрлері дамымай, кенжелеп қалған облыстарда ілгерілеушілік бар екендігін жеткізді. 

Ерлен Оспанов, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының I вице-президенті:

Лидер деп айтуға болады, әрине, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Жамбыл облысының Әулиеата командасын лидер деп айтуға болады. Бірақ осы батыс өңірдегі, мысалға, осы өткен жылғы жастар арасындағы чемпионатта ІІІ орынға ие болған Маңғыстау облысының командасын лидер деп айтуға болады. 

Еркін КАРИН