Русский Сайттың толық нұсқасы

Футболдан Перу құрамасы Америка кубогының жартылай финалына шықты

  • AstanaTV
  • 26 маусым 2015
  • 1005

Футболдан Перу құрамасы Америка кубогының жартылай финалына шықты. Ширек финалда Боливия командасымен сынға түскен Гарека Рикардудың шәкірттері 3-1 есебімен жеңіске жетті. Кездесу басынан Боливия командасының қақпасына тап берген Перу футболшылары үзіліске 2-0 есебімен кетті. Әріптесінің сол қапталдан көтерген пасынан кейін баспен тура соққы жасаған Хосе Герреро есеп ашса, араға 3 минут салып сол тағы Герреро қақпашымен бетпе-бет шығып есепті еселеді. Екі голмен шектеліп қалмаған Перу құрамасының шабуылшысы екінші тамның басында хэт-триктің авторы атанды. Кездесу аяғына қарай Боливия командасы Марсело Мореноның көмегімен бір голмен жауап қайтарғанымен олардың одан артыққа шамалары келмеді. Жарытай финалда Перу құрамасы-Чили футболшыларымен сынға түседі.

Канаданың Монреаль қаласында футболдан әйелдер арасында әлем чемпионаты жалғасуда. Топтық кезеңнен сүрінбей өткен Франция құрамасы ширек финалға жолдама алды. Соңғы кездесуде Филипп Бержероның шәкірттері Оңтүстік Корея құрамасын 3-0 есебімен жеңді. Енді ширек финалда Франция командасы-Германия құрамасымен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. Өз кезегінде Сильвия Найдтың тәлімгерлері соңғы ойында Швеция футболшылары ірі есеппен ұтты. Мергендер тізімінде екі бірдей Германия футболшысы Аня Миттаг пен Селия Сасич көш басында. Олардың үлесінде 5 голдан бар. Германия құрамасы екі дүркін әлем чемпиондары. Ал соңғы әлем біріншілігінде Жапония командасы қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тақты. Сонымен бірге, ширек финалға шыққан АҚШ, Англия, Жапония, Канада, Австралия және Қытай құрамалары жартылай финал жолдамасы үшін талас жүргізеді.

Самат ҚАНАҒАТОВ