Русский Сайттың толық нұсқасы

Видеодан кейін атағы шыққан полиция жетекшісі жұмыстан кетті

  • AstanaTV
  • 26 маусым 2015
  • 1116

Шығыс Қазақстан облысындағы полицейлердің қатысуымен болған «Жолдағы тексеріс» атты атышулы оқиғаның соңы олардың қызметтен қуылуымен аяқталды. «Ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің ар-намыс кодексін бұзған» Үлбі аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Ринат Жақсыбаев қызметіннен босатылды. Бұл ақпаратты құзырлы органның баспасөз қызметі растап отыр. 

Бақытжан Торғаев, ШҚО Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

Сонымен қатар айта кету керек, жол патрульдік полициясы қызметкері де қызметтік инсрукциялары мен міндеттерді бұза отырып аталмыш бейнерегистратордан бейнелерді заңсыз алғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Еске сала кетейік, полковник мінген көлікті жол сақшысы тоқтатқан болатын. Жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған және жүргізуші куәлігін көрсетуді сұрағанда аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары жол сақшысын «жұмыстан қуамын», - деп қорқытады. Әлеуметтік желіге жүктелген бейнебаянда офицердің тікелей бастығына бірнеше мәрте қоңырау шалғандығы анық естіледі. Ішкі істер департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметі осы жанжалға байланысты қызметттік тексеріс жүргізіп, қалалық полиция басшылығының оған қатысы бар -жоғын анықтаған.

Бақытжан Торғаев, ШҚО Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

Ар-намыс кодексін бұзғаны үшін, Жақсыбаев телефон шалған бірқатар қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Заңғар САНАЙ