Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматының экологиялық ахуалы нашарлап барады

  • AstanaTV
  • 26 маусым 2015
  • 1431

Алматы гүл қаладан қоқыс қалаға айналып барады. Кәріз қалдықтарын жинайтын жекеменшік көліктер, қаланың қақ ортасындағы құдықтарға жағымсыз иісі қолқаны қапқан лас суды төгіп кетуді әдетке айналдырған. Құлқынды ойлағандар, экологиялық ахуалды қайтсін? Маржан Отарова осы бір көгалды аймақта баласымен серуендегенді ұнатады. Бірақ көз алдында көшедегі құдықты ашып жіберіп, кәріз қалдықтарын төгіп жатқан көлікті көргенде жағасын ұстаған.

Бұл жер қоғамдық жер. Жанында больница тұр. Келіп неше түрлі химикаттарды, отходтарын төгіп жатыр. Бұл жерге болмайды ғой кішкентай бала жүр. Біз отырмыз уланып. Запрет қою керек ондайға.

Маржан Отарова:

«Тоспа су» коммуналдық кәсіпорны басшылары, нәжістерді ағызып әкететін жер астындағы құбырлар жүйесін жылда сүзгіден өткізетіндерін айтты. Олар сәуір айынан бері қалдықтарды заңсыз орындарға төгу бойынша 15 тәртіп бұзушылықты тіркепті.

Серік Шәгіров, «Тоспа су» МКК Ішкі бақылау қызметінің жетекшісі:

Қоршаған ортаны ластағаны үшін жеке тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш, ал шағын және орта бизнес өкілдеріне 15-20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Егер осы жағдай қайталанатын болса, бұл қаражаттың сомасы ұлғаяды.

Бірақ, бұл жаза заңсыздыққа жол берген көліктерінің қожайындарына сабақ болмаған көрінеді. Кешқұрым уақытта бізде, жайсыз жайттың куәсі болдық. Кәріз қалдықтарын жинайтын көлік көшенің қақ ортасына тоқтап, ластап жатқанын байқадық.

Здесь же нельзя сливать по Закону. Здесь жители живут. По Закону нам вообще уже нельзя жить. Нам уже житья нет.

Жалпы Алматыда нәжіс суын төгетін бір орын бар. Ол қаланың сыртында орналасқан. Алайда көлік иелері ол жаққа жанармай шығындағысы келмейтін сияқты. Айта кетейік, нәжіс суын сорып алғаны үшін, мұндай көлік жүргізушісі әр үйден 5 мың теңге алады.

Мэлс Елеусізов, эколог:

Бұл үшін соттау керек. Заңда бар природоохранная прокуратура, управление экологии чем занимается, ағашты кескеннен басқа ештеңе көрмейді. СЭС не істеп жүр. Өздерін соттау керек. Сатып алған машинасымен туалеттің қалдықтарын таситын оларды ешкім қадағаламайды. Жақсылап қылмыс ретінде қарау керек.

Санитарлық талап бойынша кәрізден шыққан лас су рұқсат етілген орындарда, яғни коллекторға құйылады, ары қарай тазарту стансасына жөнелтіледі. Бұл жерде ағын су бірнеше арнайы тазартқыш тордан өтіп, Сорбұлаққа құйылады. Су жүйелеріндегі құбырға жауаптылар, кез-келген орынға құйылған лас судан құбырлар істен шығады, одан да сорақысы жұқпалы індеттің тарауы бек мүмкін деп қауіптенеді. Сондықтан өз ісіне жауапсыз қарағандарды заң жүзінде жауапқа тарту қажет дейді. Әйтпесе, кәріз қалдықтарын тиісті орынға төгу мәдениеті бүгін-ертең меңгерілер емес.

Айгүл ЕРМАХАН