Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде 1-ші сыныпқа баратын оқушылар саны артты

  • AstanaTV
  • 15 тамыз 2017
  • 3720

Елімізде 1-ші сыныпқа баратын оқушылар саны артты. 380 мың бала мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отыр. Астанада ол рекордтық көрсеткішке жеткен. Ата-аналар балаларына білім ордаларынан орын таба алмай қиналып жүргендерін айтады. Астанада оқушылар саны неге күрт артты? Диана Сапарқызы анықтады.

Тараздан көшіп келгеніне 10 жыл болған Эльмира Абильдаева - жалғызбасты ана. Биыл 1 классқа баратын қызы бар. Осы уақытқа дейін Таразда білім алған үлкен қызын да мектепке орналастыра алмай жүр. Тұрғылықты мекенжайы сай келмегендіктен, мектеп директоры балаларды қабылдаудан бас тартқан.

Эльмира Әбілдаева, жалғызбасты ана:

Білім жағынан қарайтындар бізге балаларымды біреуін 1-ші классқа, екіншісін 8-ші классқа тұрғызып берсе, орын жоқ, тіркеуіңіз жоқ демей. Солай көмектессе маған соның өзі үлкен көмек.

Астанада 16 мың балаға оқу орны тапшы. Биыл мектеп жасына жеткен 23 мың бала бар. Ол өткен жылмен салыстырғанда 4 мың балаға артық. Бұл рекордтық көрсеткіш. Сондықтан баласын мектепке тұрғыза алмай жүрген жалғыз Эльмира ғана емес. Дегенмен, қалалық білім басқармасы жалғызбасты жесір әйелге қарайласуға уәде берді.

Асыл Аманкельдиева, Астана қ. білім басқармасының  бас маманы:

Азаматша Эльмира Абильдаеваның өтініші бойынша осы білім басқармасынан 701 кабинетіне шақыртып, мәселесін қарап, әрі қарай шара қолданатын боламыз. Осы Астана қаласына жан-жақтан, өңірлерден келген көші-қон бала өсіміне байланыстың енді бала орын тапшылығы да туындап отыр. 16 мыңға жуық. Дегенмен де бұл мәселе өзекті болғанымен, жылдан жылға шешімін табуда. Ол Астанада жаңа мектептердің ашылуы.

Орын тапшылығын жою үшін 10 мектептің құрылысы басталған. Олар келер жылы пайдалануға беріледі. Әзірге елордада 95 білім ошағы бар. Ал 1 қыркүйекке қарай елде 35 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Олардың құрылысы 25 тамызға дейін аяқталады.

Шымкентте 1 қыркүйекте 21 мың бүлдіршін 1-сыныпқа қабылданады деп күтілген. Биылғы ерекшелік - олардың барлығы электронды портал арқылы құжат тапсырды. Бүгінде 18 мыңнан астам бала қабылданып үлгеріпті.

Күләш Жаңабаева,  № 10 Ақпан батыр атындағы жалпы орта мектеп директорының орынбасары:

Электронды қабылдау бізге өте тиімді. Себебі ата-ананың барлық құжаты бірден бізге мектептің сайтына бірден келеді. Екіншіден, ата-аналардың барлығы әні келем, міні келем деп жүрместен, үйде отырып-ақ қабылданғандықтан, бізде көптеген оқушылар қабылданып қойды. Міне сондықтан бала санын білуге де тиімді. 

Диана Сапарқызы, тілші:

Білім және ғылым минситрінің ақпарынша, биыл елімізде бірінші сыныпқа 380 мың бала аяқ басады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10,5 мыңға артық.