Русский Сайттың толық нұсқасы

Француз дизайнері Пьер Карден Астанада сән киімдер коллекциясын көрсетеді

  • AstanaTV
  • 15 тамыз 2017
  • 3480

Әйгілі кутюрье Пьер Карден алғаш рет Астанада сән киімдер коллекциясын ұсынады. Аты аңызға айналған атақты дизайнер Қазақстанға арнайы тігілген киімдерін 3 күн бойы көрсетеді. Бұл туралы бүгін сән қойылымын ұйымдастырушылар мәлімдеді. Олардың айтуынша, ол өзімен 120 образ, 300 аксессуар әкеледі.

Қойылым Елордада қыркүйектің 1-3-і аралығында өтетін болады. Француз модельері дефилеге Ресей мен Италиядан 5 сәнбике ала келмек. Ал 20 қызды Қазақстаннан таңдайтын болады. Қазақстандық дизайнердің айтуынша, 95 жастағы Пьер Карден өзінің сән қойылымында азиат келбетіндегі сәнбикелерді көргісі келеді екен.

Гүлнар Жүнісова, дизайнер:

Ол ұлттық мәдениетті зерттеген. Біздің ұлттық киімдерімізді көрген. Менің ойымша, қойылымда біздің ұлттық нақыштағы элементтер болатын сияқты.  Коллекция жаңа болғандықтан,  бәрі құпия болып тұр.

Үш күндік сән қойылымы кезінде, елордада  сән фестивальдері мен сұлулық байқулары өтетін болады.  Қазылыр алқасының ішінде Пьер Карден де өз бағасын береді. Сондай ақ, бағдарлама ішінде  "Дориан Грей. Қатыгез сұлулық"  операсы да көрсетіледі.