Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада хоккейден «Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті

  • AstanaTV
  • 14 тамыз 2017
  • 2743

Астанада хоккейден «Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Дәстүрлі дода «Нұр Отан» партиясының қолдауымен ұйымдастырылған болатын. Қазақстан мен Ресейдің негізгі хоккей командалары қатысқан шара биыл да әдеттегідей тартысқа толы өтті. 

Астаналық "Барыс" пен Владивостоктан келген "Адмирал" арасындағы матчта айдын иелері қақпадан саңылау табу үшін бірнеше рет соққы жасап көрген. Алайда, 3 кезеңде бір бір шайбы соққан қарсылас астаналықтарды қапы қалдырып кетті. Биыл командалар бір кезең бойынша бір бірімен ойнап, жеңімпаз жиналған ұпай арқылы анықталды. Бұған дейін турнир екі кезеңмен өтетін. Осылайша жеңіс нижнекамдық  "Нефтехимикке" бұйырды. Жалпы, Президент кубогы 2010 жылдан бері өтіп келеді. Онда «Барыс» 4 рет,  петерборлық «СКА» мен Омнан келген «Авангард» бір бірден, және «Металлург» бір мәрте жеңіс тұғырының биік сатысынан көрінген болатын. Ал, жеңіске жеткен "Нефтехимиктің" бас бапкері осыған дейін "Барыс" хоккейшілерін жаттықтырған Андрей Назаров. Ол үшін аталмыш кубок жаңа командадағы ең алғашқы жеңісі болып отыр.