Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордалық 12 жеткіншек жоғары білім алу сертификатына ие болды

  • AstanaTV
  • 07 шілде 2015
  • 1289

Бүгін елордада «Нұр Отан» партиясының «Бақытты балалық шақ» акциясы аясында жетім және ата-ананың қарауынсыз қалған 12 жеткіншек жоғары білім алу сертификатына ие болды. Акция аталмыш әлеуметтік топтағы балаларға екінші деңгейлі банктегі жинақтау шотына аударылған қаражатқа отандық кез-келген ЖОО-да білім алуға мүмкіндік береді.

Бастаманы бірінші болып Мәжіліс депутаттары, өңірлік филиалдар мен бастауыш партиялық ұйымдар қолдады. Айта кетерлігі, игі бастамаға кез-келген қазақстандық ат салыса алады. Ата-ананың қарауынсыз қалған баланың атына есепшот ашу үшін, партияның орталық аппаратына немесе өңірлік филиалдарға хабарласу жеткілікті. Партия өткен жылы жеті мың шот ашып, толықтырыпты. Биыл оның санын 10 мыңға жеткізу жоспарда.

Құмар Ақсақалов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Жылдың аяғына дейін 3 мың вклад ашылады. 3 мың нақты жетімге көмек көрсетілетін болады.

Гүлмира Исимбаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Қалаған азаматтар өздерінің балаларына, жақындарына, туыстарына, ол банктен шот ашып, сол бойынша балалардың әрі қарай оқуын, жоғарғы білім алуына, немесе техникалық-кәсіптік білім алуына мүмкіндігін туғызуы үшін, тиісті қаражат жинақталады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ