Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі "Россельхознадзорға" қарымта жауап қайтармақ

  • AstanaTV
  • 24 қыркүйек 2018
  • 2749

        Қазақстан мен Ресей арасында ет экпорты дауға ұласқалы тұр. "Россельхознадзор" қазақстандық ет өнімдеріне шектеуін алмаса, Ауыл шаруашылығы министрлігі қарымта жауап қайтармақ. Яғни, ресейлік тауарларға да санкция енгізбек.

        Бұл туралы министрлік өкілдері хабарлады. Қазақстан тарапы Ресей өнімдерінің талапқа сай екенін дәлелдейтін "Меркурий" ақпараттық жүйесін тексеру мүмкін болмай отырғанын хабарлады. Ресей ветеринарлық қызметіне хат жолданған.

         Айта кетейік, "Россельхознадзор" қазан айынан бастап отандық ет өнімдерінің экспортына шектеу қойылатынын мәлімдеді. Олар өнімнің қайда өндірілгені көрсетілмейді деп отыр. Мұны "түсінбестік" деп бағалаған Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары қазір тайлы тұяғы қалмай Мәскеуге аттанған. Қазақстан тарапы реэкспорт деректері тіркелмегенін айтты. Айта кетейік, 9 айда Ресейге 24 мың тонна ет өнімі экспортталыпты.

Мендеева Г.