Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада журналисті өлтіріп кетті

  • AstanaTV
  • 25 қыркүйек 2018
  • 4248

Астанада журналист Ирина Бекетованы өлтіріп кетті. Оның денесі өзі тұратын үйінің кіреберісінен табылған. Бұл жайында әлеуметтік желіде оның әріптесі Елена Нефедова жазды. Әріптесінің сөзінше, марқұм 10 жылдай "Железнодорожник Казахстана" газетінде жұмыс істеген. Оншақты күн бұрын «Nur.kz» сайтына ауысыпты. Иринаның артында төрт баласы қалды. Оның біреуі мүгедек. Балаларын ол жалғыз тәрбиелеген. Полиция қылмыс жасаған күдіктінің анықталғанын мәлімдеді.

Мухитова А.