Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменнің шетінде иесіз қалған мал қорымы анықталды

  • AstanaTV
  • 25 қыркүйек 2018
  • 3903

Ал Өскеменде рұқсатсыз көмілген мал қорымы табылды. Үлбі өзенінің жағасындағы қорым қараусыз қалған. Экологтар сиырдың бас сүйектері толған жыраларды аралап көрді. Олар жақында ғана тасталған өлекселердің де бар екенін айтады. Бұл жер қаңғыбас иттер мен кеміргіштердің "сүйікті" мекеніне айналған. Мамандар кәсіпкерлерден күдіктенеді. Бұл кәуап дайындайтын немесе қоғамдық тамақтану орталықтары мен сауда орындарының "былығы" болуы мүмкін дейді. Экологтар зиянды қалдықтар Үлбі өзеніне ағуы мүмкін, ал Үлбі Ертіске құятынын ескере келе қауіп бар,- дейді.

 Елена Полянцева, Өскемен қаласы, Экологиялық қауіпсіздік орталығының экологы:

Жануарлардың қалдықтарынан осылай құтылатын болсақ, онда қандай да бір ауру тарамасына кім кепіл? Адамдарға қауіпсіз болғанымен, басқа жан-жануарлар үшін қауіпті. Мына үйіндіні кім жасағанын анықтау керек. Біз жергілікті полиция қызметінен осыны сұрап сауал жолдадық.

Рұқсатсыз қорым жасағандарды тапқанмен, олар заң бойынша қатаң жауапқа тартылмайды. Алдымен оларға ескерту жасалады. Екінші рет тәртіп бұзғандарға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Қуаш А.