Русский Сайттың толық нұсқасы

Ардагерлер медициналық тексеруден өтеді

  • AstanaTV
  • 25 қыркүйек 2018
  • 4002

 Қарттар күніне орай аудан орталығына көшпелі медицина қызметі барды. "Нұр Отан" партиясының Қызылорда облысы Жалағаш аудандық бөлімі зейнеткерлерге осылайша көмек қолын созды. Игі бастама қарияларға меркелік көңіл күй сыйлады. Олар терме-жыршылардың өнерін тамашалады. Аспаздар тәтті тағамдарын ұсынды. Ал, жастар жалғызбасты зейнеткерлердің үй шаруасына жәрдемдесті. Отын, шөбін түсіріп, азық-түлік жеткізіп берді. Жалағаш ауданында 4 мыңға жуық ардагер тұрады. Ең егде жастағысы 96-да.

Қаншагүл Мұстафаева, "Нұр Отан" партиясы, Жалағаш аудандық филиалы төрағасының орынбасары:

Көп жағдайда ауыл ардагерлері аудан орталығына барып мынау скринингті тексеруден өтуге мүмкіндіктері болмайды. Біреуіне жүріп-тұру қиындау, біреуінің ұзақ уақыт отырып болмаса жүруге жағдайлары келмейді.

Пернекүл Аймырзаева, Мәдениет аулының тұрғыны:

 "Нұр Отан" партиясы келіп, отын түсіріп беріп жатыр бізге. Күрішімізді, ұнымызды әкеліп береді, подаркамызды әкеліп береді. Оған да шүкір деймін, қарасып жатқандарына, рахмет деймін балдарға.

Сақтапова Ш.