Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғабит Байжановты қабылдады

  • AstanaTV
  • 26 қыркүйек 2018
  • 3019

    Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғабит Байжановты қабылдады. Кездесуде Мемлекет Басшысы Қауіпсіздік кеңесінің ұлттық қауіпсіздікті, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіруді жүзеге асыратын арнайы орган екенін атап өтті.

     "Қауіпсіздік Кеңесі туралы жаңа заң Кеңестің өкілеттігін мейлінше кеңейтеді. Осыған байланысты нормативтік құқықтық базаны, соның ішінде құқық қорғау және арнайы қызмет органдарының жұмысын реттейтін құжаттарды егжей-тегжейлі зерттеу қажет, - деді Қазақстан Президенті.

Сапарқызы Д. 


https://youtu.be/51KfRQXWKng