Русский Сайттың толық нұсқасы

Активтерді бір валютадан екінші валютаға айырбастаудан пайда жоқ, - ҰБ төрағасы

  • AstanaTV
  • 27 қыркүйек 2018
  • 3232

Қолда бар активтерді бір валютадан екінші валютаға айырбастағаннан пайда жоқ. Қазір мұндай операциялар үшін «өліара» кезең. Ұлттық банк төрағасы арнайы брифингте осылай деп мәлімдеді. Данияр Ақышевтің айтуынша, теңгенің бағамына сыртқы факторлар әсер етіп отыр. Оның ішінде Федеральдық резервтік жүйенің дамушы елдерге деген мөлшерлемесінің артуы мен Ресейге қарсы экономикалық санкциялардың күшейуінен ұлттық валюта бағамы әзірге тұрақтамайды. Бүгін 1 долардың айырбастау құны 362 теңге Тіпті мұнай бағасының көтерілуі де қаржы нарығына оң әсерін тигізер емес. 

Данияр АҚЫШЕВ, ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ: 

Баға қалыптасыратын нарқытағы тұрақсыздық, яғни фьючерстер келісім-шарттарды уақытында жасағанымен, тауарлардың елге келуі кешігеді. Осы аралықта валюта нарығына келетін қаражат легі де артынан асықпай жетеді. Нарық қатысушылары психологиялық тұрғыдан бұған дайын болғанымен, курс айырмашылығы пайда болып, теңгенің құбылуына соқтырып отырады.  

Ал, теңгеге сенімді арттыру үшін жаңа сауда саттық құралы ұсынылған. Ол - тұтынушылардың айырбастау орындарынан алтын құймаларын сатып алуына мүмкіндік жасау. Бұл жинақтар мен активтердің құнсызданбауына жол ашады. Алтын ешқашан құнын жоғалтпайды. Сондықтан, қағаз ақша төңірегіндегі тәуекелдерді жеңуге алтынның үлесі басым, дейді Ұлттық банк басшысы. Биыл тұрғындарға 100 келіден аса алтын сатқан.

Данияр АҚЫШЕВ, ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ:

Ұлттық банктің алтын валюталық құрылымында алтынмен сақталатын активтер үлесі басым. Оы күні оның үлесі 42 пайызға жетіп отыр. Қазір ұлттық банктің портфелінде 335 тонна алтын құймалары сақтаулы тұр.



Р. Асқарбекұлы