Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ұлттық ұлан» 38 миллион доллардың ұшағын сатып алды

  • AstanaTV
  • 27 қыркүйек 2018
  • 4893

Есесіне «Ұлттық ұлан» құны 38 миллион доллар болатын ұшақ сатып алды. Бұл Қазақстан әскерінің Қытайдан импортталған тұңғыш техникасы. Бағасы айтып тұрғандай қытайлық "әуе кемесі" қолданыстағы Ресей, Украин ұшақтарынан әлдеқайда қымбат. Есесіне су жаңа ұшаққа тамсанып жатқандар көп. Даңқты ғарышкер Тоқтар Әубәкіров те оған өз бағасы берді. Диана Сапарқызы тарқатады. 

Диана САПАРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Бұл əскери ұшақ Қытайдан 38 млн долларға жуық қаржыға сатып алынды. Əуе кемесін қару-жарақтарды, техникаларды тасымалдауға пайдаланатын болады.Ерекшелігі- топырақты қарлы жерлерде бірден қонады. Сондай -ақ, күндіз де, түнде де күрделі ауа райына қарамастан міндетін мінсіз атқарады.

Ұшақ көз үйренген Ан-74-тен екі есе үлкен. Қытайлық "әуе кемесі" 20 тоннаға жуық жүкті тасымалдауға қауқарлы. Сағатына 550 шақырым жылдымадықпен 10 мың метрге көтеріледі. Су жаңа ұшаққа Тоқтар Әубәкіровтің өзі қызыға қарады.   

Тоқтар ӘУБӘКІРОВ ҚР ТҰҢҒЫШ ҒАРЫШКЕРІ, ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ:  

Мынадай үлкен самолет жерге қона береді. Соны түсіндіңіздер ма?! Бұнын ерекшелігі. Бізге, әсіресе десантқа бұдан үлкен бізде самолет жоқ. Сапасы маған ұнап тұр. Ол қалай ұшады екен мен оны білмеймін. Өзім ұшқан жоқпын. Бұйырса бізді шақыратын шығар.

Ұшақтың "тұсау кесеріне" Ішкі істер министрі мен қытай елшісі арнайы келген.   

Қалмұханбет ҚАСЫМОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ: 

Біздің таңдауымыз осы ұшаққа тоқатды. Көп ойланып, кеңестік. Ішінде заманауи құрылығылар бар. Көлемі де үлкен. Барлық жағанан бізге келіп тұр.

Ұшаққа бір меззетте бірнеше техниканы тиеуге болды. Ішке БТР танкі де сиып кетеді. Корпусы ауа өткізбейді. Бүгінде Ұлттық ұланның әуе техникасы паркінде Ан-74 пен Ан-26 және Ми 171Е тікұшағы бар. Әскери құрылымның авиациялық орталығы биыл Алматыдан Астанаға қоныс аударған. 

Д. Сапарқызы