Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжар өңірінде көз жұмған 18 жасар қызбен байланыста болған кісілердің саны 60-қа дейін жетті

  • AstanaTV
  • 28 қыркүйек 2018
  • 6112

Студент өлімінен кейін Қызылжарда менигиттің алдын алу шаралары күшейтілді. Бұл туралы аймаққа мәселенің ақ-қарасын ажыратуға келген бас санитар Жандарбек Бекшин айтты. Күні бұрын осы дертен Айыртау ауданында 18 жастағы бойжеткен қайтыс болды. Ол қыркүйектің 6-сында тұмауратқан. Бірақ, ауылдағы амбулторияға 20 күн өткен соң бірақ қаралған. Науқастың жағдайы нашарлаған соң, аудандық ауруханаға жеткізіліпті. Онда бір тәуліктен соң, студент қайтыс болған. Оның нақты диагнозы дүйсенбіде белгілі болады. 

Жандарбек БЕКШИН, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бойжеткеннің менингокок инфекциясынан ба, әлде өзге аурудан қайтыс болғаны белгілі болмақ. Айта кетейін, кеше бізге тағы бір науқас келіп түсті. Бірақ, қан сараптамасы оның менингитпен ауырмағанын растады. 

Қазір науқаспен байланыста болған 60-қа жуық адам дәрігерлердің бақылауында. Аймақта осы детке қатысты кеңес беретін арнайы 14 колл-орталық ашылған. 

А. Курманкин