Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейлік полицейлердің параға не алатыны жайлы

  • AstanaTV
  • 29 қыркүйек 2018
  • 3387

Енді бір-екі штрих. Ресейде полицейлердің параға не алатыны туралы BBC и порталы материал жасапты. Татарстанда учаскелік полицей балықшылардан 260 келі балық, тіпті қайықтың моторын алған. Бұл енді ауыл-аймақ. «Топ-менеджментке» келсек, жақындарының үйінен түрлі валютада жалпы сомасы 9 млрд рубль табылған полковник Захарченко қымбат теңіз өнімдерін сататын кәсіпкерден жеңілдік беретін карта алып, лобстер мен устрицаға тойған көрінеді. Дәлірегі тауарды 50 пайызға арзан алатын карта арқылы 3,5 млн рубль жеген. Бұл азы. Осы «Ля Маре» мейрамханалар желісінің қожайыны Меди Дусс полковникке 800 мың доллар пара да берген.

Ресейдің Ішкі істер министрлігінде отын-энергетика саласындағы қылмыстармен күрес жөніндегі бөлімде істеген полковник Дмитрий Захарченко екі жыл бұрын ұсталған. 7 млн рубль пара алды деп. Кейін әпкесінің үйін тінткенде, жаңа айтқандай, әр түрлі валютада жалпы сомасы 9 млрд рубль сақталған қойма табылған. Полковник ол ақшаның қайдан келгенін түсіндіре алмаған. Ал біздің Шымкентте салық бойынша арақ-шарап қоймасын тексеруге барған мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкері 280 бөтелке арақ ұрлапты. Акцизді маркалары сәйкес келе ме, жоқ па, соны анықтаймын деп отырып. Сот оның 1 жылға бас бостандығын шектелген. Өткенде елімізде арақ ішу азайды деген мәліметті көзіміз шалған, мынаған қарағанда, онша азаймаған-ау. Әлде той жасайын деп жүрді ме екен, мүмкін дүкені бар шығар?...