Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары ардагерлермен кездесті

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2018
  • 2806

Бүгін халықаралық қарттар күні. Осыған орай «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев «Ардагер» орталығына барды. Орталық осыдан бір жыл бұрын партияның «Ардагерлерді ардақтайық» бағдарламасы аясында ашылған. Қазір мұнда 45 қарт аптасына 3 мәрте йогамен айналысып, денесін шынықтырады. Оған қоса, компьютерде жұмыс істеп, гаджеттерді де пайдаланып үйренеді. Шет тілдерін игеруге де мүмкіндік бар. Мәулен Әшімбаев орталық жұмысын қолдап, қарттар тарапынан қызығушылық болса, Республиканың өзге қалаларында да ашуға ниет білдірді.

Татьяна ШКУРОПАТОВА, «АРДАГЕР» САУЫҚ-САЙРАН ОРТАЛЫҒЫНА КЕЛУШІ: 

Шыны керек, зейнетақы аздау. Сондықтан, осындай тегін орталыққа қуана-қуана келеміз. Менің аэробика мен биге келіп жүргеніме 1 ай уақыт болды. 5 келіге арықтап, өзімді жақсы сезіне бастадым. Біздің жасымызда бұл деген кереметқой. Балаларымызда қуанып жатыр. Сондықтан осы іске бастамашыл болғандарға алғысым шексіз.  

Лариса РОЩИНА, «АРДАГЕР» САУЫҚ-САЙРАН ОРТАЛЫҒЫНА КЕЛУШІ: 

Бізге кішкене кеңдеу орын берсе. Әйтпесе, аз уақытта 50-ге жуық адам келіп жүр. Таныс құрбыларыма айтсам, оларда келгісі келеді. Олай болса, біз мұнда сыймай қаламызғой. Жалпы алғанда өте қуаныштымын, алғысым шексіз.   

Д. Бақдәулет