Русский Сайттың толық нұсқасы

Мұнай бағасы қымбаттауы мүмкін

  • AstanaTV
  • 02 қазан 2018
  • 2568

Мұнай өндіруші елдерге ірі державалар тарапынан санкция салынса, қара алтын бағасы көтеріледі. АҚШ-тың жақында Иранға қарсы енгізген санкциясының мұнай нарығына әсерін Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осылай түсіндірді. Ол «Қара алтын бағасы қымбаттайды», деп болжайды. Еске салайық, 5 қарашада Вашингтон Иранға қосымша санкциялар енгізуді жоспарлап отыр. Бұл Ирандағы мұнай өнімдерінің экспортына әсер етпей қоймайды.  

Қанат БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ: 

Саяси жағдай мен жаһандық қарым-қатынасты ескерсек, әрине, егер тәуекелдер ұлғая түссе, ірі мұнай өндіруші елдерге түрлі санкциялар салынатын болса, өз кезегінде мұнайдың да бағасы өседі. Бірден 100 доллар болады деп айтуға болмайды. Барреліне 70 АҚШ доллары-барлық мұнай өндіруші елдер үшін қолайлы баға. Ал, қазіргі баррельінің 83 доллар болуы өздеріңіз де білесіздер, Ұлттық қорға қосымша табыс.  

Ал, бүгін Brent мұнайының бағасы 4 жылдан бері алғаш рет 85 долларға жетті. WTI баррельі 75 доллар шамасында. Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан валютасын күшейтті. Теңгенің долларға шаққандағы бағамы 5 теңгеге нығайып, 359 теңгені құрады. 

А. Бектас