Русский Сайттың толық нұсқасы

Астананың тұрақтандыру қорының есеп-шотында 1,5 млрд теңге игерілмеген

  • AstanaTV
  • 02 қазан 2018
  • 1589

Тұрақтандыру қорындағы күріш пен қанттың мөлшері жеткілікті болғанына қарамастан, өнім бағасы өскен. Астанада аталған тауарлардың құны 21 пайызға қымбаттаған. Бұл туралы Үкімет отырысында белгілі болды.  

Бақыт СҰЛТАНОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: 

Жалпы, тұрақтандыру қорының тауарларын жүзеге асыру, барлығы 1491 тонна тауар бар. Оның ішінде қант 717, қарақұмық 492, 282 тонна күріш бар. Тұрақтандыру шотында 1,5 миллирд теңге бар.   

Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақты ұстай алмай отырған Астана әкімінің жұмысын сынға алды. Қорда бір тиыны жоқ болса да, қымбаттауға жол бермей отырған Маңғыстауды үлгі етті.   

Бақытжан САҒЫНТАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:  

Жаңа Маңғыстау облысы айтып отыр, қордың дептозиінде ақша жоқ, есесіне баға өсіп жатқан жоқ деп. Оны несіне ұстап отырсыздар 1,5 миллирд теңгені? Баға өсіп жатыр, инфляция кетіп жатыр. Жылдың аяғы келіп қалды. 1,5 миллирд теңге бостан-босқа жатыр игерілмей. 

Ғ. Қылышбаева