Русский Сайттың толық нұсқасы

Автобуста өртенген марқұмдардың туыстары 150 млн теңге моральдық шығын талап етіп отыр

  • AstanaTV
  • 03 қазан 2018
  • 2454

Ақтөбеде автобуста тірідей жанып кеткен 52 өзбек азаматының жақындары айыпталушылардан қаза болған әр адам үшін 150 миллион теңге моральдық шығын талап етті. Бұл туралы бүгін облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандарылған ауданаралық сотында өткен отырыста белгілі болды. Сот отырысына айыпталушылардың жақындары қатысты. Ал, жәбірленушілер Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотынан онлайн байланысқа шықты. Олар марқұмдардың арттарында кәмелетке толмаған балалары, кейбірінің мүгедек аналары бар екенін айтып отыр.  

Ақжан АҚЫЛОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІЛЕР ҚОРҒАУШЫСЫ: 

Сотталушылар Тілепбаев Нұрлыбек, Пердебаев Бахадүр, Пернебеков Мақсат, Таңатов Барат, Қырғызбаев Нұржаннан біркелкі қаза тапқан үшін әрбір ұлымыз үшін 150 млн теңгені пайдасына қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген моральдық зиянды өндіруді. 

Еске сала кетсек, бұл қайғылы жағдай осы жылдың қаңтар айында Ырғыз ауданы маңында болған еді. Шымкенттен Қазан қаласына бағыт алған рейстік автобус өртеніп, елу екі адам тірідей жанып кеткен болатын. 

Б. Рахметова