Астанада менингококк жұқпасымен ауруханаға түскен азамат жансақтау бөлімінде жатыр.
Дегенмен. дәрілерлер оның беті бері қарағанын айтады. Науқас 1-ші қазан күні Жезқазғаннан досының үйіне келген. Есінен айырылған науқас жедел жәрдеммен Жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізіліпті. Талдау қорытындысы 85 жылғы азаматтың менингиттің бактериялық түрімен ауырғанын растады. Ауруды Жезқазғанда жұқтырғаны анықталған. Қарағанды облысы қоғамдық денсаулықты қорғау департаментіне науқас туралы ақпарат жолданып, ауру ошағын анықтап, тиісті шаралар қабылдау ұсынылған. Қазір ол ем қабылдап жатыр. Ал, Астанада науқаспен байланыста болғандар дереу тексерілген.
Ақмарал МЕЙІРМАНОВА, АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
Бірден эпидемияға қарсы шаралар басталды. Қатынаста болған барлық адамдар анықталды. Астана қаласы бойынша барлығы 6 адам. Оның ішінде екі бала. Екінші қазан күні барлығы бактериялогиялық тексерістен өтті. Бүгін нәтижесі шықты, қатынаста болғандардың барлығында нәтижелері теріс. Олар медициналық бақылауда.
Айта кетейік, бұл Астанада биыл анықталған 7-ші жағдай. Өлім-жітім тіркелмеген.
Ғ. Қылышбаева