Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада жемқорлыққа жол берген Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің бөлім бастығы құрықталды

  • AstanaTV
  • 04 қазан 2018
  • 2291

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің бөлім бастығы сотталушыны бір колониядан екінші колонияға ауыстыру үшін пара алды деп айыпталып отыр. Ол параны жазасын өтеушінің туысынан алмақ болған. Бұл туралы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты. Ол қазір электронды басқару жүйесі енгізілгендіктен ешкімнің өз бетімен сотталушыны ауыстыруға құқығы жоқ,-дейді. Қылмыстық атқару жүйесінің шенеунігі Ақтөбе облысында түрмеде отырған жазасын өтеушіге «қолайлы жағдай» да жасамақ болған.  

Қалмұханбет ҚАСЫМОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ: 

Енді біз кез келген ауыстыру жағдайын электронды жүйеде көріп отырамыз. Біз 4 түзеу мекемесін жауып жатқандықтан, ол сотталушыны да басқа колонияға өзіміз ауыстырған едік. Бөлім бастығы оны «өзім жүзеге асырдым» деп ойлады. Содан кейін ауысқан сотталушының туыстарынан қалған ақшаны талап еткен. Ол қылмыс жасады.

Сондай-ақ, Маңғыстау облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы мен оның орынбасары да ұсталды. Оларға сотталушының әйелінен түрмеде ұстау режімін жеңілдету үшін пара алды деген айып тағылып отыр. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.  

А. Бектас