Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстандағы астық көлемі артатынын болжады

  • AstanaTV
  • 11 тамыз 2017
  • 3588

Қазақстан астығы 7,7 пайызға өсіп, 14 миллион тоннаға артуы мүмкін. АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігі тамыз шолуында осындай болжам жасады.

Олар астық өндіру ғана емес, экспорт  көлемі де артады деп отыр. Сөйтіп, бидай экспорты 7,1 пайызға көтеріліп, 7,5 миллион тоннаны құрауы мүмкін дейді. Қазақстан өткен жылы 23,7 миллион тонна астық жинаған. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 18,5 пайызға артық.