Русский Сайттың толық нұсқасы

1 Қаңтардан шағын және орта бизнеске салықтық амнистия жарияланады

  • AstanaTV
  • 05 қазан 2018
  • 3302

1 қаңтардан шағын және орта бизнеске салықтық амнистия жарияланады. Енді олар негізгі салық көлемін төлеген жағдайда барлық айыппұл мен өсімақылар жойылады. Өндіруші секторды Президент бүгінгі жолдауында кәсіпкерлерге орынсыз қысым жасаған шенеуніктерге қатысты қылмыстық іс қозғалатынын ескертті.   

Президенттің жолдауындағы кәсіпкерлікті қолдауы бизнес өкілдерінің жанына жағатыны анық. Өйткені, енді олар заңсыз әкімшілік қысым мен қылмыстық қуадалаудан құтылатын болды.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Сегодня руководители боятся подписывать документы, завтра придут, «за жабры» возьмут, еще и пугают. Я поручаю Комитету национальной безопасности ловить вот таких чиновников и заводить уголовное дело. Кто ему позволил?

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес үшін салықтық амнистия жүргізіледі. Енді кәсіпкерлер негізгі салық көлемін төлеген жағдайда барлық айыппұл мен өсімақы жойылмақ.   

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Но не все так гладко. Есть бизнес, который честно платит налоги, он завтра скажет: «Этому списали, а мне почему не списали?». То есть речь идет о списании пени и штрафов, если он заплатил основной налог государству.  

Президенттің пайымынша Экономикалық тергеулер қызметінің функциясы Қаржылық мониторинг комитетіне беріледі. Бұл көлеңкелі экономикамен күресті күшейтіп, 3 жылда жасырын айналымды 40 пайызға қысқартпақ. Елбасы Үкіметке өңдеуші секторындағы эспорттаушыларға қолдау көрсетуді тапсырды. Бұл мақсатқа алдағы 3 жылда қосымша 500 млрд теңге бөлінеді. Негізгі жобаларды қаржыландыру үшін банктерге 600 млрд теңге аударылмақ. Олар ұзақмерзімді, қолжетімді несие береді. Оны қатаң бақылауды Үкімет пен Ұлттық банкке тапсырды. Президент отандық тауарөндірушілерге де қолдау қажет деді.      

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ: 

Вы посмотрите, если сейчас с вас, здесь сидящих, всю иностранную одежду убрать, вы голые будете сидеть. У нас могут производить и костюмы, и рубашки. Надо их поддержать. Сегодня надо поддержать собственные товары.

Мәжіліс депутаты отандық өндірушілерді қолдауды өзімізден бастауымыз керек дейді. Біреудікіне бүйрегіміздің бұрып тұруы экономикалық саясаттың қателігі дейді.   

Азат ПЕРУАШЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: 

Бұл деген аса бір ерекше технологияны талап етпейді. Аса бір инвестиция талап етпейді. Елбасымыз да айтты ғой бұл оңай экономика, оны шешуміз керек. Мұндай тапсырма Үкіметке берді. Азық-түлік болсын, киім болсын, жеңіл товарлар болсын. Барлығы біз қазіргі кезде иморттаймыз. Өзіміздің өнім өндірушілерге тиісті қолдауды көрсетпей жатырмыз.

Ал, ауылдың кәсіпкерлері шаруасын дөңгелетуде жаңа технологиялары иегеретін болады. Ол үшін тіпті жаппай оқиды. Өйткені, Елбасы ауылшаруашылығы экспортының көлемін 4 жылда 2 жарым есеге жеткізу керектігін айтты. Сондай-ақ, аталған саланы жетік білетін шетелдік мамандар тартылатын болды. Сөйтіп агрөнеркәсіп экспортының әлеуеті жақсарады. Бұл мақсаттарға 3 жыл ішінде 100 млрд теңге бөлінетін болды.  

Ғ. Қылышбаева