Русский Сайттың толық нұсқасы

Салықтық амнистия және банктерді сауықтыруға қатысты сарапшылар пікірі

  • AstanaTV
  • 05 қазан 2018
  • 4658

Кәсіпкерліктің нысандарын ұсақ-түйек кемшіліктері үшін жазалай бермеуді сарапшылар да қолдап отыр. Орта-шағын кәсіпкерлік саласында еңбек етіп жүрген халық Президент көтерген қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесін қолданғылары келеді. Бірақ, оның мехнизмдерінің дамымауы мүмкіндік бермей отыр. Ол үшін салық және кеден саласындағы ақпараттық жүйелер интеграциясы жетілуі тиіс, дейді кәсіп иелері. Сосын бизнестің тынысын ашуға салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда, өсім мен айыппұлды алып тастау идеясы ықпал етпек. Кәсіпкерлер шағын және орта бизнес үшін «салықтық рақымшылық» шынайы жүзеге асса, айтарлықтай қолдау болар еді деп отыр.  

Аслан НАЗАРӘЛИЕВ, КӘСІПКЕР: 

Енді салыққа келсек, өз басым ондай салықта қарызым жоқ. Жазасы пениясы болатындай. Бірақ, жалпы әртүрлі жағдайда сондайға душар болған кәсіпкерлерді кешіріп, тек негізгі салық қарызын алып оның үстіндегі жазалары өшірілсе, онда ол кәсіпкердің, кәсіпорынның одан қарай өмір сүруіне екінші мұрша, шанс береді. Бұл өте керемет құрал.   

Оразалы СӘБДЕН, ЭКОНОМИСТ: 

Салықты талай жыл айтып келе жатыр. Бірақ, өкінішке орай салықты саламыз біз. Жылдың аяғында бюджетті игере алмай қаламыз. Миллиардтап игерілмей қалады. Сондықтан, салық жүйесіне жеңілдік жасалу керек. Кіші кәсіпке, инновацияға осыларға жеңілдік жасау керек. Ұлттық банктің басшысы сендерге қарайды, Үкімет Ұлттық банк басшысына қарайды деп. Оны қою керек. Бір адамның баласындай істеу керек. Бұл не деген сөз? Жауапкершілікті күшейту керек деген сөз.  

Р. Асқарбекұлы