Құқық қорғау органдарының жұмысына терең және сапалы өзгеріс жасау қажет. Осылай деген Президент саланы модернизациялау бойынша жол картасын әзірлеуді тапсырды. Әсіресе, полиция қызметін түбегейлі жақсартып, полицейлердің жаңа стандартын енгізу қажет деді. Ол Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты кәсіби маман деп бағалады. Сондықтан, оған шетелдік тәжірибе қолданылған жаңа құрылымды ұсынуды тапсырды. Президент халықпен жұмыс істеудің жаңа форматы мен полицияны бағалау түбелейлі өзгеретінін айтты. Сондықтан, полиция қызметкерлері қайта аттестациядан өтіп, мықтылар ғана қалады. Нұрсұлтан Назарбаев қатарға заңгерлерді тартуды ұсынды. Оларды жарты жыл ішінде әзірлеп, шен мен жоғары жалақы беру керек деді. Бірақ, алдымен жүйені реттеу қажет.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Нужно избавить полицию от несвойственных функций. Полиция охраняет, полиция там, полиция тут, полиция везде. Полицейская работа - это общественный порядок. Все охранные ведомства должны быть, не должны накладываться на плечи полиции. Давайте в конце концов решим этот вопрос. Высвобождающиеся средства, а у вас много начальства, у вас много учебных заведений: 12-15. Из них надо оставить 5. Все сэкономленные средства направить на зарплаты полицейским. Если не хватит, еще специально посмотрим зарплаты полицейских, решение их жилищных и иных социальных вопросов
Ал, халықтың сотқа сенімі жоқ. Халықтан әлі күнге дейін шағым түсетінін айтқан Президент соттың әлсіздігін көрсетеді деп, Жоғарғы сот төрағасын сөзбен түйреп өтті. Нұрсұлтан Назарбаев бұл салада да өзгеріс күтетінін айтты.
Д. Сапарқызы