Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қазақстан 2050» жалпыұлттық коалициясының мәлімдемесі

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2018
  • 2253

Бүгін демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы жиналды.

«Президент жолдауында айтылған тапсырмаларды бірігіп орындаймыз». «Қазақстан 2050» жалпыұлттық коалициясының мүшелері осылай дейді. Елдегі жетекші партия басшылары, Парламент депутаттары мен қоғамдық бірлестік өкілдері жаңа стратегиялық құжатты іске асырудың тетіктерін талқылады. Ұсыныстар бойынша қоғамдық мониторинг жүргізеді.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Елбасының жолдауы халықтың әл-ауқатын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Бұл барлық партиялардың, қоғамдық ұйымдардың мүддесінен шығады. Сондықтан барлығымыз бірігіп, Елбасының айтқан ұсыныстарын, жолдаудағы көтерілген үлкен мәселелерді жүзеге асыруға бәріміз күш салуымыз керек. Бәріміз бүкіл қоғам болып жұмыс істеуміз керек.

Өзекті мәселелердің бірі сол жерде айтылды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтің айтуынша жыл басынан бері кәсіпкерлерден жер және құрылыс саласындағы мәселелер бойынша 2300 шағым түскен.

Абылай МЫРЗАХМЕТОВ, «АТАМЕКЕН» ҚР ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Ауылды жерлерде малын шығарайын десе, өзінің кәсіпкерлігін дамытайын десе жерге қолы жетпейді. Ақпарат жоқ, кімде ана жер? Біз қазір Ақтөбе облысында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Барлық ауылды аралап, халықпен сөлесіп. Сонда көріп отырмыз кейбір жерлерде 40 мыңға жуық гектар жер, аты-жөнін айтпай-ақ қояйын, белгілі азаматтардың аттарында 7 жыл жазулы тұр. Өкінішке орай оны өзі игермейді, не қасындағы жұмыс істеймін деген фермерге бермейді. Сондықтан, бұл құқық органдарымен қолға алынуы керек.