Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдағы орта мектепке газ шашқан оқушы қыз болып шықты

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2018
  • 2967

Оралда мектептің газдан жаппай улануына 11-сынып оқушысы себепкер болуы мүмкін. Ол білім ошағына газ алып келген,-дейді облыстық ішкі істер департаменті. Күдікті қыз бала. Ол өзі қатарлас оқушылардың бірімен сөзге келіп қалып, ақыры ашуын баса алмай, бұрышты газ баллонын қолданған көрінеді. Полиция осы оқиғаның жай-жапсарын тексеріп жатқанын хабарлайды.  

Кәмшат СЕРІКҚЫЗЫ, БҚО ІІД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ: 

Полиция қызметкерлері аталған мектеп оқушысының газ баллонын шашқанын анықтады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы, І бөлімі «бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. 

Еске салайық, 4-қазан күні Оралдағы нөмірі 40-шы орта мектептің оқушылары жаппай белгісіз газдан уланып қалған еді. Өткір иіс таралған ғимарат ішінен 300-дей адам шұғыл түрде сыртқа шығарылған. Аяғын баса алмай әлсіреген 15 оқушы мен бір мұғалім жедел жәрдеммен ауруханаға жөнелтілді. Дәрігерлер олардың барлығына «белгісіз химиялық заттан уланған» деген диагноз қойды. Медициналық көмектен соң оқушылар босатылған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мектеп мұғалімінің әлі ем қабылдап жатқанын айтты.  

Е. Карин