Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде мүмкіндігі шектеулі азаматтар саны артып барады

  • AstanaTV
  • 09 қазан 2018
  • 2194

Елде мүмкіндігі шектеулі азаматтар саны артып барады. Соңғы 5 жылда ол 7,5 пайызға көбейген. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі айтты. Елде 674 мыңнан астам жарымжан бар. Өкіншітісі, оның 62 пайызы еңбекке жарамды жаста. 170 мыңан астамы зейнет жасында болса, қалған 85 мыңы 18 жасқа дейінгі бала. Мәдина Әбілқасымова соңғы кезде балалар арасындағы мүгедектіктің артуына алаңдаушылық білдірді. Олар негізінен туа біткен анамалиялар мен жүйке жүйесі зақымданған, психикалық ауруға ұшырағандар. Министрлік бүгін мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайын жақсату бойынша алдағы 5 жылға Ұлт жоспарын Үкіметке таныстырды. Онда мүгедектіктің алдын алудан бастап, оларға жайлы жағдай жасауға дейін қарастырылады.  

Мәдина ӘБІЛҚАСЫМОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ: 

Профилактика мәселесі. Жыл сайын біз көріп жатырмыз жаңа бірінші рет инвалидность алып жатқан азаматтар саны көбейіп жатыр. Соларды профилактика жасап, соны түсіну керек. Осындай тапсырманы үкімет басшысы берді, Денсаулық сақтау министрлігімен сол бағыт бойынша жұмыс істейміз.

Мүгедек жандарды жұмысқа орналастыру үшін бөлінген субсидияны әкімдіктер тиімсіз пайдаланып отыр. Осылай деген министр биыл 770 адамның орнына небәрі 88 адам жұмысқа орналастырылғанын айтты. Ұлт жоспарында оны тиімді етудің жаңа механизмдері қарастырылмақ. 

Г. Меңдеева